• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Ел дамуының мол мүмкіндігі

189 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің студенттері Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында бас қосты. Қазіргі таңда еліміз бойын­ша қызу талқыланып жатқан бұл тақырыптарға студенттердің қызығушылық танытуы өте орынды. Өйткені, еліміздің келе­шегі саналатын бүгінгі жас­тар өз отанының бүгінгі ты­ныс-тіршілігін, алға қойған мақ­саттарын біліп жүруі тиіс. Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық құқық кафед­расының профессоры Марат Бәшімов жүргізген жиын­да студенттер өздерінің ой-пікір­лерін ашық айтып, белсін­ділік танытты. Жиын барысында студенттер биылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін ойдағыдай атқарып келе жатқанын, Аста­наның Сирия дағдарысын дип­ломатиялық жолмен шешу мақсатында мүдделі тараптарға келіссөздер жүргізу үшін диа­лог алаңын ұсынғанын айта келіп, бұл мәселелердің барлығы еліміздің әлемдік қоғамдас­тық алдындағы биік беделін көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ, олар елімізде қол­ға алынған конституциялық ре­фор­малардың және биылғы Жол­даудың басым бағыттары­ның маңыздылығына назар аудар­ды. Студенттердің айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформа­лар елімізді демократиялан­дыру үдерісін одан әрі сәтімен жалғастыра түсуге жол аша­ды. Ал Президент елдің сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіз­дік және қорғаныс саласын өз құзыретінде ұстайды, бұған қоса, билік тармақтары арасын­да жоғарғы арбитрлық рөл атқарады. Басқосуда студенттер прези­денттік биліктің бірқатар өкі­лет­тігінің Парламент пен Үкі­метке берілетіні еліміз үшін маңызды екенін атап өтті. Олардың ойынша, бұл қадам Парламенттің өкілеттігін кеңей­теді, ал Үкіметтің халық ал­дын­дағы жауапкершілігін кү­шей­теді. Аталған мәселелерді іс­ке асыру үшін Конституция мен қол­­даныстағы бірқатар заңдар­ға өзгерістер енгізу қажеттігі туын­­­дайды. Осы орайда шараға қаты­су­шылар Конституцияға енгізілмек өзгерістердің халық талқысына салынуын құптай отырып, оның ел мүддесіне сай қабылданатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, жас­тар Ел­ба­сының Қазақстан хал­қына Жолдауының басым бағыт­тарынан туындайтын мін­д­еттерді де саралап, аталған құжат талаптарының орындалуы елі­міз­дің дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына тікелей әсер ететінін, экономикамыздың дамуына тың серпін беретінін жеткізді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»