• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Барлық басымдықтар өзекті

122 рет
көрсетілді

Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы бойынша өз пікірімді айту менің жаныма жақын десем артық айтқандық болмас. Біріншіден, оны оқып шыққанда «Барлық басымдықтар қандай өзекті, олардың әрқайсысы бойынша міндеттер қалай дәл қойылған» деген ойға қалдым. Индустрияға цифр­лық технологияны ен­гізу жөніндегі бірінші ба­сым­дықты қуана қабылдадым. Неге екенін түсіндірейін. 2009 жылы телевизияның баламалы нұсқасының орнына цифрлық нұсқаны енгізуді ұсынып, оның бас­тамашыларының бірі болғанымда, бізді бар­лық деңгейде дұрыс қабыл­дамады, бюджет мүлде аз бөлінді, Қазақстанның осы индустриядағы өз ор­­нын жоғалтып алмауы үшін идея­­­мызды тек қана ынта-жігер­мен іске асыру­ға тура келген болатын. Бүгін­де ол жағ­дай ұмытыла бастады, бірақ қазақ­стан­дықтардың күнделікті өмірінде цифр­лық телевизия кеңінен пайдаланылуда. Сондықтан Мемлекет басшысы ІТ-са­ланы бірінші басымдық ретінде мем­ле­кет­тік деңгейде қойғанда, бұл бір жағынан қуантады, екінші жағынан тарихтың көлең­кесінде қалып қоймас үшін біздің бар­лығымызды осы заманғы цифрлық тех­но­логиялардың негізінде жаңа индустрия­ны дамытуға, экономиканың қазіргі құры­лымын жетілдіруге жаңа бетбұрыстар жасауға итермелейді. Әлбетте, бұл басымдықты ілгерілету, бейнелеп айтар болсақ, іс жүзінде әрбір қазақстандықтан жарық жылдамдығына тең жеделдікті талап ететіні ақиқат – өйтпеген жағдайда жетістікті ұзақ күтуге тура келеді, жайбарақаттыққа жол беру жақсылыққа әкелмейді, «әйтеуір бір болар» деген қағида бұл жерде қисынсыз. Бұл жастардың ісі деп жас ұрпаққа итере салудың да перспективасы бар деп айту қиын: сондықтан жас та, кәрі де ІТ-білімін жедел меңгеруге және күнделікті өмірде оны белсенді түрде пайдалануға тиіс. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ретінде Жол­дау­дың бизнес мәселелері жөніндегі ере­же­лерін айналып өте алмаймын. Біздің нары­қ­тық қатынастарды дамыту жолына түск­еніміз рас болса, онда сол талап ететін жағ­дайларда шеберлікті, дағдыларды мең­геруге, соған сай өмір сүруге және еңбек етуге тиіспіз. Жақсылықтың бәрі аспаннан өз­ді­гінен түсе қалады деп күтпей, әлде­біреу­лерге үміттенбей, мемлекет жасап отыр­ған барлық жағдайды пайдаланып, кәсіп­­кер­лікті дамыту, одан өз орныңды табу, тіпті болмағанда отбасылық бизнес ашу, қар­жылық сауаттылықты жедел мең­геру қажет. Бүгінде Елбасы бізді осы­ған бағыттап отыр. Бұл жерде өз бизнестерін дамыту жолында талай тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерген біздің тәжірибелі кәсіпкерлеріміз өздерінің салмақты сөздерін айтуға, өздері­нің мол тәжірибелерімен бөлісуге тиіс деп ойлаймын. «Тиіс» деген сөзді әдейі айтып отырмын, өйткені, олардың өз ісін дамытуы үшін жақсы жағдайлар жаса­лып келді, қазір де жасалуда. Енді бұқаралық кәсіпкерліктің кең дамуына жол ашу үшін олардың өз еліне, өз халқына, табысты жолды іздестіруге артық уақыт жұмсамай кәсібін жетілдіруге көмектесетін, биз­нес негіздері бойын­ша тиімді білім алу мүмкін­дігін беретін уақыт келді. Мені, мұғалім ретін­де, әлеуметтік салада жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстардың жай-күйін жақ­сар­ту қажеттігі туралы басымдық та бейжай қалдырған жоқ. Сондықтан олар­дың әрқайсысының дені сау, сауатты, талантты, барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуы қажет. Ал ол үшін барлық күш-жігер оқуға және еңбек етуге арналуға тиіс, сонда ғана өмір сүру мазмұнды болады және сапалы әрі жаңа өмір сүру деңгейі қамтамасыз етіледі. Біздің балаларымыз мол білім деңгейіне ие болып қана қоймай, оны өмірде пайдалана білуге, кез келген жағдайда, әсіресе, жаңа технологиялар дәуірінде абыржып қалмас үшін бірнеше тілді меңгеруге тиіс. Және балалар ғана емес, біздің өзіміз де жас ерек­шелігімізге қарамастан, уақыттың қатаң талаптарына сәйкес, ана тілімізбен қатар ағылшын тілін де оқып-үйренуге, ІТ-білімнің негіздерін меңгеруге тиіспіз. Олай болмаған жағдайда, айталық, өмірімізге дендеп еніп келе жатқан, бүгінде оларсыз аттап баса алмайтын мобильдік бан­кингті, электрондық қызметтерді қалай пайдаланбақпыз. Ал денсаулық сақтау жүйесіне келе­тін болсақ, бұл жерде ешкім де нем­құрайлылық танытпайды деп ойлаймын. Дәрімен қамтамасыз ету жөнінде жағымды сөз айтатындар аз: бірінші кезекте көпшілікті дәрі-дәрмектің қымбаттығы толғандырады. Сол себепті Мемлекет басшысының дәрі­лік заттардың бағасына мемлекеттік рет­теуді енгізу жөніндегі тапсырмасын қазақ­стан­дықтардың қуана қабылдағаны анық. Дегенмен, денсаулық туралы айтқанда, ең алдымен өз денсаулығымызды өзіміз қолға алуға, өз денсаулығымызға деген көзқарасымызды өзгертуге, дәрігерлерге ғана үміт артуды азайтуға тиіспіз, өйткені, денсаулық жағдайымыздың 85 пайызы өз қолымызда. Ол туралы ұмытуға болмайды. Көпшілік ел Президентінің Жолдау­дағы мына сөздеріне назар аударды деп ойлаймын: «Министрліктер мен ведом­ство­лардың қаражатты игеруінің тиім­ділігін тексеру қажет. Республикалық бюд­жеттің 40%-дан астамын құрайтын Ден­саулық сақтау,  Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек». Шын мәнінде, қазақстандықтарды әлеу­меттік жағынан қамтамасыз етуге мол ақша бөліне­ді. Сондықтан аталған министр­лік­тер­дің жанында жұмыс істейтін Қоғам­дық кеңестердің мүшелері олардың пайдаланылуын тиісті түрде бақылауға, барынша тиімділік пен пайдаға қол жеткізуге тиіс. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Қазақстанға қатысты көптеген жайлар туралы ұнамсыз пікірлер жиілеп кетті, әрі ол пікірлер өз азаматтарымыз тарапынан болып жатады. Осындай әр жағ­дай бойынша наразылықтың туындайтыны түсінікті. Алайда, кешіріңіз, құ­қық бұзушылықты, жол-көлік оқиға­сын кім жасайды, дәрігер­лік қателіктер­ге, дүкендерде сапасыз қыз­меттер көр­сету­ге кім жол береді, кім дөрекілік көрсете­ді және т.б? Әрине, өз азаматтарымыз. Ол неліктен? Өйткені, біз: отбасында, мектепте, ұжымдарда тәрбие мәселелерін назардан тыс қалдыра­мыз. Біз жақсылықты көруге, өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдар­дың да табыстарына қуануды үйретпей­міз. Отансүйгіштік те, еңбекқорлық та туа бітпейді. Отбасынан бастап руха­ни-адамгершілік мәселелеріне жүйе­лі түрде келу қажет. Сонда жастар елден тыс жүрген кезде ғана емес, әр­дайым Қазақстанның әрбір кіші және үлкен жетістігін бағалайтын, өз елімен мақ­танатын болады, Отанымызға қатысты барлық жайлар үшін жауапкершілікті сезінетін болады. Бүкіл әлемде терроризм, діни экстремизм өршіп отырған жағдайда еліміздің ең бағалы игілігі халық достығы, бейбітшілік пен келісім, бірлік пен топтасқандық екенін біз түсінеміз, оны бәріміз бірге сақтап, нығайта түсуге тиіспіз. Қазақстанның бүгінгі жеткен жетіс­тіктері тәуелсіздік жылдары Президентіміз сөзімен ғана емес, ісімен де кепілгер болып жүрген ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулыққа тікелей байланысты. Майра АЙСИНА, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі