• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Елді ілгерілетуге бағытталған

198 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің халық­тың талқылауына ұсынған жаңа конституциялық реформасы – елдегі заң үстемдігінің, демократияның және экономиканың нығаюына жол ашатын маңызды қадам. Мықты инфрақұрылымды қа­лыптастыру және мемлекеттің гео­графиялық орналасуын тиімді пайдалану – бұл мем­лекеттік атқарушы және парламенттік басқару тетігі қолға алған негізгі міндеттердің бірі. Мәселен, бұл міндетті нәтижелі жүзеге асыру арқылы ашық саясат жүргізе отырып, елдің экономикалық өсіміне ықпал етуге бола­ды. Ал ол өз кезегінде шетелдік инвестиция­ны тартуға да сеп болары анық. Бұған қоса, бұл жергілікті бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып қана қоймай, азаматтар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына да көмегін тигізбек. Қазақстан Президенті өзінің мемлекеті үшін ненің тиімді болатынын білетін Көшбасшы тұлға. Сол себепті, Парламентке, Үкіметке өз өкілеттілігінің ауқымды бөлігін беру арқылы оларға жауапкершілік жүк­теп қана қоймай, Үкімет шешім­дері бойынша қабылданған мәселелерде шешуші рөлді сеніп тапсырғалы отыр. Бұл мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз ету арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі арттыру бағытында жасалған қадам. Жаңа реформада көрсетілген жаңа міндеттер Қазақстанның өңір­де қалыптасып үлгерген тұрақтылық пози­циясын одан әрі нығайтуға, халықаралық аренадағы өзінің рөлі мен орнын айқындай түсуіне белсенді түрде әсер етуі мүмкін. Сондықтан, мен нәтиже әрі табыс әкелетін жаңа конституциялық өзгерістерге айрықша мән беру қажет деп есептеймін. Себебі, бұл өзгерістер тұрақтылықты нығайтуды, даму мен ілгерілеуді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Біз бір-бірімізден әлі де көп нәрсені үй­ренуі­міз керек. Алайда, алғашқы жасалған қадам қашан да маңызды. Бұдан кейін сөзсіз, бізді біріктіретін ортақ міндеттерді айқындауға жол ашылатын болады. Йонаш Флорин УРКАН, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының елшісі