• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Баянды болашаққа батыл қадам

194 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі Тәуелсіз мемле­кетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығын кезекті рет айқындап берді. Үндеуде айтылғандай, күшті президенттік вертикаль бізге мем­лекетті қалып­тастырудағы алғашқы қиын­дықтарды еңсеру кезеңінде қажет болды. Осы кезеңде өзіміз бүгінде мақ­танышпен айтып жүретін қаншама жетіс­­тіктерге қол жеткізілді десе­ңізші! Мемлекет басшысы, міне, саяси жүйені одан әрі демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұ­рын­ғыдан да жоғарылата түсе­тіндігі сөзсіз. Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен Президент ие өкілет­тіктердің айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын. Мен мұны жал­ғыз ғана мақсатпен – елді бас­қару­дың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын», деген сөз­дері демократиялық даму жолын таңдаға­нымызды одан әрі айқындай түседі. Бүкіл қазақстандықтар­дың қаты­суымен жүзеге асатын жаңа реформаны жарқын болашаққа жасалып отырған баянды қадам ретінде бағалаймын. Осын­дай түбегейлі өзгерістерді жүзе­ге асыру арқылы мем­ле­кет­тік құрылыстың бөгде еш­бір модельдеріне ұқса­май­тын өз мемлекетіміз­­ді, жауапкершілік пен білік­ті­лікті басты орынға қоя­­тын Үкімет пен Парламент­ті қалыптастыратынымыз сөзсіз. Мейрам ЖАНӘДІЛОВ, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Алматы облысы