«Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға жолдады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жолданған ұсыныстар партия төралқасы мүшелерінің, оның парламенттік фракциясы мен облыстық филиалдары отырысының барысында талқыланды.
Партия төрағасы Азат Перуашев жобаны таныстыра отырып, Мемлекет басшысының Конституцияны жетілдіру мен билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу бойынша бастамасын демократиялық партияның қолдайтындығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұл қадам мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп беруіне қатысты саяси жүйенің әрі қарайғы жаңғыртылуын білдіреді.
Қорыта айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық реформаларды бүкілхалықтық талқылау үшін ұсынған уақытын пайдалана отырып, аймақтар мен орталық органдардағы партия активтерімен кездесуінде өзінің бастамалар пакетін жасап шығарды. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша комиссия талқылауына жіберілетін қорытынды пакетте «Ақ жол» партиясы 18 нақты ұсынысты атап көрсеткен.