• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Түбегейлі өзгерістер кезеңі

356 рет
көрсетілді

Ұлттық ұлан Петропавл әскери институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының республикалық отырысы өтті. Оған өңірлердегі ассамблея кафедраларының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, жастар, әскери институттың жеке құрамы қатысты. Талқыға «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы шығарылып, Ел­басы белгілеп берген бес басымдық басты та­қы­рып арқауына айналды. Жи­ынның модераторы, саяси ғылымдар докторы Жұ­мабек Ахметов өз сө­зінде Президент жаһандық бәсе­келестіктің өсуі және әлемдік тұрақсыздық жағ­дайында да Қазақстан хал­қын жарқын белестерге бас­тап келе жатқанын, үшін­ші жаңғыру 2012 жы­лы қабылданған «Қазақ­стан-2050» стратегиясының жар­қын жалғасы болып табылатынын, басты мәні отыз елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуді қамтамасыз ететінін атап көрсетті. Облыстық Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов жаңа кезеңге қадам басқан еліміздің кез келген қиындықты еңсере алатынын жеткізді. Ширек ғасыр ішінде теңдессіз тәжірибе жинақтадық. Басты күшіміз бірлікте, ынтымақта екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Бұл бағыттағы таңдауымыз айқын дей келіп, Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрала­ры­ның жұмысына сәттілік тіледі. Отырыста облыстық мәс­лихаттың хатшысы Вла­димир Бубенко, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақ­­­стан мемлекеттік уни­вер­­ситетінің проректоры Ла­ура Қайыржанова, еврей мә­дени орталығының төрағасы Рашбиль Евдаев, «Бар­банг» күрдтер ассо­циа­циясы жергілікті филиа­лының жетекшісі Рашид Надиров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарап­тама тобының төрағасы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік мәсе­лелер кафедрасының мең­герушісі Ардақ Қапышев, Ұлттық ұлан Петропавл әскери институтының курсан­ты Руслан Сухоручкин сөй­леп, Елбасы жүктеген ке­лелі міндеттердің маңыз­дылы­­ғына, өміршеңдігіне жинал­ғандардың назарын аударды. Шешендердің қай-қайсысы болсын түбегейлі өзгеріс кезеңінде экономика­мен қатар, әлеуметтік сала­ларға да ерекше екпін тү­сірілгенін, алда өске­лең ұрпақты рухани-адамгер­шілік рухында тәрбиелеудің шараларын күшейту мін­дет­тері тұрғанын тілге тиек етті. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы