• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Орал – ақылды қала

307 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Қазақ­­­станның Үшінші жаңғы­руы: жа­һандық бәсекеге қабілет­ті­лік» атты Жол­дауындағы бірінші басымдық – технологиялық жаң­­ғыруға байланысты Орал қала­сында «Smart City – Ақылды қала» жобасы қолға алынды. "Батыс Қазақстан облысы тұрғын­дарының тең жарымы қоныс тепкен Орал қаласын адамдарға қолайлы, қауіпсіз етуіміз керек", деп мәлімдеді өңір басшысы Алтай Көлгінов. Әкімнің айтуынша, жобаның «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша қала көшелері мен аулаларға 300 камера орнатылмақ. Мемлекет-жеке меншік әріптестігі не­гізінде жол бойын жарықтандыру жү­йесін жаңарту жобасы дайындалған. Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді смартфоннан онлайн бақылауға мүмкіндік беретін «2 GIS» жобасы жасалуда. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары туралы бүкіл ақпарат жиналған онлайн платформа да көпшілікке қолжетімді болады. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ