• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын түсті

300 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын түсті. Шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырымдық жарысты 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен бірінші болып аяқтады. Ал күміс пен қола жүлделер жапон спортшыларына бұйырды. Сонымен қатар, еліміздің атынан сынға түскен Сергей Черепанов төртінші, Николай Чеботько бесінше және Ердос Ахмадиев алтыншы болып мәре сызығын кесті. Айта кетейік, кеше Елена Коломина күміс жүлдені жеңіп алса, бүгін ол тағы бір қоланы ел қоржынына салған болатын.