• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Елена Коломина қола жүлдеге қол жеткізді

100 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы қола медаль түсті. Шаңғыдан 10 шақырымдық еркін стильде отандасымыз Елена Коломина мәре сызығына үшінші болып келді. Бұл сында 30:24,6 минут нәтиже көрсеткен жапон спортшысы Юки Кобаяши алтын жүлдеге қол жеткізсе, күміс медальді оңтүстіккореялық  Чэ Вон Ли (+24.4) иеленді. Айта кетейік, Елена Коломина қысқы Азия ойындарында осымен екінші медаліне қол жеткізіп отыр. Кеше классикалық жүріспен жеке спринт жарысын (1,4 шақырым) екінші болып аяқтаған.