Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, боран соғады, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола облысында боран соғып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.
Қостанай облысында желдің күші 15-25 м/с болып, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде де қар борап, таңертең тұман, басым бөлігінде жел күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады.
Жамбыл облысынының жекелеген аудандарында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтілуде, түнде жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.