KASE-нің 21 ақпан 2017 жылғы таңғы сессиясында 1 АҚШ доллары 317,69 теңгеге тең болды.
Кешегі кешкі сессиядан бері ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 2 теңгеге нығайды.
Ал Астана уақытымен бүгін таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 56,20 долларға теңесті. Естеріңізге сала кетейік, кешеден бері қара алтын құны айтарлықтай өзгермей, 56,20-56,30 доллар аралығында сақталуда.