Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медаль түсті.
Коньки жарысынан 1000 метр қашықтықта жапон спортшысы Такуро Ода топ жарса, екінші болып отандасымыз Денис Кузин келді. Ал қола жүлдені Күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура қанағат тұтты.
Айта кетейік, ел құрамасының қоржынына осымен төртінші (1 алтын, 2 күміс, бір қола) жүлде түсті.