• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Қазақстандағы Megasport спорттық дүкендер желісі жабылды

502 рет
көрсетілді

Қазақстанда спорттық киімдер мен аксессуарлар сататын «Мегаспорт» дүкендері жабылды. Бұл туралы forbes.kz хабарлайды, деп жазады 7kun.kz.

«Мегаспорт» — Қазақстанда 2002 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі спорт дүкендер желісі. Жұмысты Астана қаласында мультибрендтер дүкені ретінде бастаған. Дүкендердің саны ашылған күннен бастап 15-ке жетеді. Алайда бірнеше жыл бұрын сауда орындарының біразы жабылып, Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Өскемен, Қарағанды қалаларындағы желілер қалған.

Осылайша, Қазақстан нарығында 15 жылан аса жұмыс істеген Мегаспорт барлық дүкендерін жабады. Мұндай ақпаратты компанияның өзі нақтылаған.

«Біз барлық дүкендерімізді жабамыз. Дүкен иелері осындай шешім қабылдады», — деп мәлімдеген компания өкілдері.

Ал Қазақстанның франчайзинг жөніндегі қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиковтың сөзінше, Ресейде, Беларусьте, Украинада мұндай атаудағы спорт дүкендері болғанмен, бұл сауда орны — қазақстандық.

«Мегаспорт» дүкендерінің жабылуы біз үшін күтпеген жағдай емес. Өйткені олар осыдан ұш ай бұрын барлық ассортименттерге 40%-дан 80%-ға дейін жеңілдіктер жасап, сата бастады. Көбіне мұндай жаңдай дүкендер жабылатын кезде болады», — дейді ол.