• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Аргентинаға рекордты деңгейде пингвиндер жүзіп келді (видео)

224 рет
көрсетілді

Аргентинаның Пунта-Томбо түбегін пингвиндер қаласы деп есептейді. Қыркүйек пен наурыз аралығында бұл жерде олар бұрын-соңды болмаған мөлшерде жиналады. Ал биыл аталған түбекке жиналған құстардың саны рекордты деңгейге жетіпті. Бұл туралы nat-geo.ru хабарлады. Магеллан пингвины – бойы 50-80 см. Өзгелері сияқты бұлардың да отбасы еркек және ұрғашыдан тұрады. Бір қызығы, жыл сайын тек бір ұяға ғана жұмыртқалауды жөн көреді. Осы үшін олар мыңдаған шақырымды артқа қалдырып, Пунта-Томбо қорығына жүзіп келеді. Жұмыртқасын 40 күнде басып шығарады. Жер бетінде шамамен олардың 1,8 млн жұбы бар. Мәліметтерге сәйкес, бұл мекен пингвиндердің жұмыртқалауы үшін өте ыңғайлы орындардың бірі болып есептеледі. Себебі, суы балыққа толы әрі қауіп келтірерлік жыртқыштары да өте аз. Биыл Пунта-Томбоға шамамен 1 миллион магеллан пингвині келді. Бұған дейін дәл осындай көлемде ешқашан келмеген. Себебі, өткен ғасырдың басында олар жойылып кетудің алдында болған. Ғалымдардың айтуынша, олар климаттың өзгеруінен сондай-ақ, балықтың көптігінен осында тартылған.