• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Заңсыз тексерістің шығынын кім өтейді?

191 рет
көрсетілді

"Ақ жол" партиясының Парламенттегі фракция басшысы Азат Перуашев өз ұсынысын айтты. «Ақ жол» партиясы басшысы Азат Перуашев заңсыз тексеріс жүргізген шенеуніктерді тексерістің шығынын өтеуге мәжбүрлеу керектігін айтты. Бұл ұсыныс Үкіметке бағытталған депутаттық сауалда айтылды. Азат Перуашев Бас Прокуратураның Қарағандыдағы көшпелі алқа отырысынан мысал келтірді. 2015 жылы өңірде жалған кәсіпкерлік бойынша 437 іс қозғалған. Соның ішінде сотқа жеткені тек 7-еуі ғана, яғни 1,5 пайыз. 2016 жылы қозғалған істер 948-ге өскен. Ал соның ішінде сотқа жеткені тек 6 пайызы ғана. «Демек, 94-98 пайыз іс негізсіз қозғалады. Немесе кәдімгі пара беру арқылы шешіледі. Ал елдегі 70 мың ҚҚС төлеушілерінің 35 мыңы бір ғана бап бойынша санкцияға ілікті. Осыны көре отырып мемлекет көлеңкелі бизнестің қайдан шығатынына бас қатырады", - деді депутат. Оның айтуынша, тексеріс кезінде құжаттар, мөрлер, банктік және бухгелтерлік есепшоттар тәркіленіп, қаржы операциялары тоқтатылады. Яғни, бизнес тоқтап қалады. Бизнес, бір сөзбен айтқанда, тақырға отырады. Азат Перуашев негізінен кінәлілер кәсіпкерлер емес, жемқор шенеуніктер екенін айтты. 2014 жылдың өзінде ғана жалған кәсіпкерлікке араласқаны үшін ОҚО, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарының салық органдарының 16 жетекшісі жауапқа тартылды. «Дегенмен, оларды жауапқа тартып қана отыру бизнеске келген шығынды қайтармайды", - деді депутат. "Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Қылмыстық кодекс лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлерге келтірген зиянын өтеуді қарастырмаған. Кәсіпкер шығынды өтеп алғанның өзінде шенеуніктің жеке басынан емес, мемлекеттік органнан, яғни бюджеттен алады. Ал ол бюджетті толтыратын сол кәсіпкерлердің өздері. Өзіне келген шығынды қайтару үшін кәсіпкер өзі төлеген салықты алуы керек пе? Онда қылмысқа жеке басының жауап беруі деген қайда қалды?" - деді Перуашев. Сөз соңында депутат негізсіз тексеріс жүргізіп кәсіпкерлерге зиян кетлірген шенеуніктердің жеке басын жазалау керектігін ұсынды.