Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әйелі Мехрибан Әлиева елдің бірінші вице-президенті болып тағайындалды, деп жазады ел президентінің ресми сайты.
Бұған дейін Мехрибан Әлиева Гейдар Әлиевтің қорын басқарып, Әзербайжан парламентінің депутаты болған.
«Мехрибан Арифқызы Әлиева Әзербайжан Республикасының Бірінші вице-президенті болып тағайындалсын", - делінген құжатта.
52 жасар Мехрибан Арифқызы мен Ильхам Әлиев 1983 жылы шаңырақ құрған.