• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Ақышев теңгенің девальвациясы болуы мүмкін дегенге пікір білдірді

87 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің нығайып жатқан себебі ретінде Ресей рублінің күшеюін атады. Оның айтуынша, 2016 жылдың соңындағы мұнайдың қымбаттай бастауы, одан кейін Ресей валютасының көптеп сатылып, РФ қор нарығының тартымдылығының артуы қазақстандық валютаға да оң әсер етіп жатқанын айтты. Дегенмен, бас банкир рубльдің құнсыздануы тікелей теңгеге әсер етпейтінін айтты. "Біздің экономикамыз да, қор нарығымыз да екі бөлек. Сол үшін рубльдің жағдайы теңгеге тікелей әсер етпейді", - деді Ақышев. Сонымен қатар, бас банкир теңгенің бағамы ешкімнің жеке шешіміне байланысты емес екенін, тек қана объективті факторлардың әсерімен өзгеретінін айтты.