• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Хоккейден қыздарымыз Оңтүстік Кореяны жеңді

114 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қыздар арасында хоккейден Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті. Турнирдегі үшінші кездесуде отандастарымыз Оңтүстік Кореямен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге бір қадам жақындай түсті. Бірақ ол үшін қалған екі матчта Тайланд пен Гонконгті жеңуі тиіс. Айта кетейік, бастапқы екі ойында хоккейшілеріміз ойсырай жеңілген болатын. Алдымен, Жапониядан 0:6 есебімен жеңілсе, артынша Қытай қыздарынан 3:8 есебімен ұтылды.