Бүгін Астана уақытымен 16:52 де Брент маркалы мұнай бағасы 57,10 долларға қымбаттап 14 айлық рекордтық деңгейге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 12 желтоқсанында қара алтын құны 57 доллардан жоғары болған. Ол кезде, 2015 жылдың 21 шілдесі мен тамыздың 2-сі аралығында тұрақты арзандаған баға 63,26 доллардан 48,21 долларға түскен еді.
Ал осы жылдың 2-ші ақпан күні Брент бағасы 57,08 долларға көтеріліп қайта түскен болатын.
Айта кетейік, KASE-нің кешкі сессиясында бүгін доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 317,06-ға дейін түсіп, жылдық максимумға нығайған.