• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Джейкобс Головкинді сынға алды

148 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) алдағы қарсыласы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) сынға алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Оның айтуынша, Головкиннің атағы жер жарып тұрғанмен, ол тек өзінен әлсіз, шаршы алаңда соңғы жылдарын өткізіп жүрген боксшылармен жұдырықтасқан. «Талантыма 100 пайыз сенімдімін. Ал жаттығу барысында қарсыласымды жеңуге деген сенімділігім одан сайын арта түседі. Физикалық қабілетім жеткілікті. Жылдамдығымның, бойымдағы күшімнің, дер кезінде шешім қабылдай білуімнің арқасында Геннадийдің алғашқы жеңілісіне себепші боламын деп ойлаймын. Ол әуесқой бокста 400-ге жуық кездесу өткізді деп естідім. Бірақ мен де одан құралақан емеспін. Шамамен 200 мәрте рингке шыққанмын. Сондықтан менің де тәжірибем жеткілікті. Өзіңе сенімді болу – жеңіске жетудің бір жолы», – деді Джейкобс. «Головкиннің өкілдері керемет жұмыс атқарды. Оған қарсы шаршы алаңда соңғы жылдарын өткізіп жүрген спортшылармен жекпе-жектер ұйымдастырды. Олар сондай-ақ, нағыз орта салмақтың боксшылары емес еді. Осыдан барып жұрт оны жеңілуді білмейтін батыр көріп жүр», – деді ол. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл бокс кешін «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстандық боксшы соңғы 23 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Джейкобс 12 ұрысын қатарынан нокаутпен жеңген.