Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындарының үшінші күні аяқталды.
Үш күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 23 медалі (8 алтын, 8 күміс, 7 қола) бар Күншығыс елі көш бастап келеді. Екінші орынға 20 жүлдесімен (6 алтын, 7 күміс, 7 қола) Оңтүстік Корея орналасса, үздік үштікті Қытай спортшылары қорытындылады. Аспанасты елінің қоржынында 5 алтын, 3 күміс, 5 қола бар.
Ал Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіште төртінші орынын сақтап тұр. Отандастарымыз үш күн ішінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жеңіп алды.