• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Ақан Сатаев Томирис туралы фильм түсіреді

294 рет
көрсетілді

Режиссер Ақан Сатаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Сақ патшайымы Томирис туралы фильм түсірмекші. Бұл туралы режиссердің өзі министрліктің алқа отырысында айтты.

«Биыл біз министрлікпен бірігіп "Томирис" фильмін бастаймыз. Бұл отандық және шетелдік көрермендердің қызығушылығын оятады деп сенемін. Біздің кино өнерін осындай туындымен толықтыруымыз керек. Бұл елдің халықаралық имиджіне де оң ықпал етеді", - деді режиссер.

Жыл сайын қазақстандық фильмдердің әлемдік деңгейде көбірек танылғанын айта келіп, Ақан Сатаев киноиндустрияны да нарықтық жағдайға бейімдеу керектігін тілге тиек етті.