• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Көкшетау әуежайы халықаралық рейстерді қайта жаңғыртпақ

222 рет
көрсетілді

Көкшетау әуежайы бірқатар халықаралық рейстерді қайта жандандырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне Ақмола облыстық жолаушылар тасымалы басқармасы хабарлап отыр, деп жазады Хабар24. Мекеменің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың мамыр айынан бастап Мәскеу (Домодедова) – Көкшетау – Мәскеу (Домодедова) бағытындағы әуе рейсі қайта қалыпқа келтірілмекші. Жолаушыларға S7 Airlines әуе компаниясы Airbus A319 ұшағымен қызмет көрсетеді. Бұл бағыттағы әуе көлігі Көкшетаудан әр жексенбі сайын ұшырылады. Ал билет құны 48-50 мың теңге шамасында болмақ. Сонымен қатар әуежай ұжымы көкшетаулықтардың басқа елдермен халықаралық қарым-қатынас орнатуы үшін қазір Ақтау – Көкшетау – Ақтау және Алматы – Көкшетау – Алматы бағытындағы рейстерді де жүзеге асырып отыр. Бұдан бөлек, алдағы наурыз айынан бастап Шымкент қаласына апаратын рейс қайта іске қосылады. Ақмолалықтар оңтүстік бағытқа әр аптаның жұма және жексенбі күндері қатынай алады.