• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Келімбетов «Jumore» компаниясының Президентімен кездесті.

94 рет
көрсетілді

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті. «Jumore» компаниясы әлемдегі ең белді трансшекаралық электрондық платформасы бар компания. АХҚО үшін қытайлық әріптестердің қаржы технологиялары мен қаржы құралдары бойынша тәжірбиесі маңызды. Компания әлемнің 130-дан астам елдерімен, оның ішінде G20 елдері және «Жібек Жолының Экономикалық белдігі» бойындағы мемлекеттермен ынтымақтаса жұмыс істейді. «Астанада құрылған Халықаралық қаржы орталығына жаңа қаржылық технологиялар мен осы аймақта жұмыс істейтін инвесторларды тарту өте маңызды»,-деді Қ.Келімбетов. «Jumore» компаниясы Президенті Лу Хунсянның айтуынша, компанияға Жібек Жолында орналасқан елдердің нарығы қызықты. «Қаржы технологиялары нарығындағы білім мен тәжірбиелерді алмасуға біз мүдделіміз»,-деді «Jumore» басшысы. АХҚО мен «Jumore» екі орталықтың 2016 жылы қол қойған Меморандумы аясында бірлесіп жұмыс істейді.