• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Әншіні жау оғынан қорғап қалған

221 рет
көрсетілді

Нар тұлғалы азамат Құсан Мұқанов пен күміскөмей әнші Роза Бағ­ланованың майдандағы және бейбіт өмірдегі кез­де­су­лері жайлы естелікті жер­гі­лік­ті өлке­та­нушы Сағидолла Икеновтен жазып алған едім. – Бірде аудандық соғыс және еңбек ар­дагерлері кеңесінің төрағасы Кенжетай Ташкин мені шақырып алып: «Соғыста фа­шистердің шебіне бірнеше мәрте терең­дей еніп, талай «тіл» әкелген Құсан Мұ­қа­нов­­тың ерліктері туралы бірде-бір сөз айт­­пағанымыз ұят. Есімі жер жүзіне та­ны­мал Роза Бағлановамен майдан ше­бін­де кез­десуінің өзі бір хикая емес пе? – деп бас­таған еді әңгімесін Сағидолла аға­мыз. 1943 жыл. Ленинград ба­ғы­тын­да қан­­ды шайқастың жүріп жатқан кезі. Осын­­дай қауіп-қатерге қа­рамастан Қа­зақ­­станнан кон­цер­ттік бригада майдан да­ла­сын аралауға шы­ғады. Құрамында Роза Бағ­ланова сияқты ән­шісі бар топ 106-шы бар­лаушылар ротасына аялдай­ды. Концерт бас­талып, шарықтау ше­гі­не жеткенде жау жақтан зең­біректер гүр­сілдеп, ысқырынған снаряд­тар жер-дүниенің ойранын шығара бастайды. Р­ота командирі «Мұқанов, Розаны құтқар!» деп айғай салады. Сол-ақ екен, арыстандай атыл­ған ағамыз оны алып денесімен қал­қа­лаған күйі көз ілеспес жылдамдықпен окопқа күмп береді. Қазақтың қаршадай қызы ажалдан аман қалғанына көпке дейін сенбейді. Кон­церт аяқталған соң ағасына жо­лығып, аты-жөнін сұрайды. Ақ алғысын жау­дырады. «Қай жерденсіз?» деген сау­алға «Қазақстаннан. Көкше өңіріненмін» деп жауап береді. «Тірі болсам, сөз жоқ, тау­ып аламын» дейді қимай қоштасқан қа­рын­дасы. Бір күні «КСРО халық әртісі Роза Бағ­ла­нова Қызылтуға келе жатыр» деген хабар гу ете түсті. Бәрі аң-таң. Сөйтсе, араға 30 жыл са­лып, Құсан атамызды арнайы іздеп келіпті. Қан­дай кішіпейілділік, қарапайымдылық де­сең­ші! «Осында аузын арандай ашқан ажалдан мені құтқарып қалған барлаушы тұрады. Ол кісі болмағанда осылай жер басып жүрер ме едім?» деп, облыс басшыларына аты-жөнін атапты. Аупарткомның бірінші хатшысының кабинетіне омырауы орден-медальдарға толы ағамыз кіріп келгенде, Роза апамыз орнынан атып тұрып, «Әкетайым менің» деп жылап көрісіпті. Қазақтың ата салтымен ізет көрсетіп, иығына Алматыдан әдейі алып келген зер­лі шапанды жауыпты. Ағамыз Роза Тә­жі­бай­қызын үйіне шақырып, ұлан-асыр той жа­сапты. Екінші рет келгенде қасында ба­ласы Тәжен, сондай-ақ, Ғарифолла Құр­ман­ға­лиев, Байғали Досымжанов секілді атақты әр­тістер болды. Батыр барлаушы мен әйгілі ән­шінің бірге түскен суреті жергілікті мұ­ражайда сақтаулы. Құсан атамыз «Қызыл Жұлдыз», Даңқ, Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Соғыстан оралған соң көп жыл басқарма тө­рағасы қызметін атқарып, көзі жұ­мыл­ған­ша еңбектен қол үзбеді. Бәйбішесі Сәбира әжей екеуінен өрбіген ұл-қыздары мен не­мерелері – әртүрлі мамандық иелері. Тағдырлары майдан даласында тоғысып, кейін бір-бірімен ағалы-қарындастай сыйла­сып өткен екі тұлғаның өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін ғибратты өнеге болары анық. Күләш ЕГІМБАЕВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы