• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Nokia 3310 телефонының жаңа түрі таныстырылды

138 рет
көрсетілді

Жаңартылған Nokia 3310 телефоны баяғы дизайннан бас тартқан жоқ. Бұл туралы Vtech басылымы жазады. Басылымның мәліметінше, жаңа Nokia 3310 телефоны жеңілірек және жұқалау болады. Сонымен қатар, қызыл, сары, жасыл және басқа да түстермен шығады. Экраны үлкейтіледі. Телефон батырмалары үлкенірек болады. Mashable басылымының хабарлауынша, Nokia 3310 интернетке кіре алады. Бірақ беттерді көру жағы шектеулі. «Телефонның бұрын болмаған функциялары пайда болады және толыққанды смартфон деп атауға негіз бар", - деп жазады Mashable. Nokia HMD Global компаниясы 26 ақпан күні Барселонадағы Дүниежүзілік мобильді конгресске апарылуы мүмкін. Сонымен қатар, Nokia 3, Nokia 5 және Nokia 6 модельдері де таныстырылады. Телефон сәуір айынан бастап алғаш болып Малайзияда сатылымға шығарылады. Айта кетейік, Nokia 3, Nokia 5 және Nokia 6 модельдері Android негізінде жұмыс істейді.