• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Сәуір, 2026

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін

80 рет
көрсетілді

Мәжілісте қаралып жатқан «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы» заң жобасына сәйкес, мәслихат депутаттарына әлеуметтік кепілдіктер күшейтілмек. Осыған байланысты мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға әлеуметтік төлемдер төленуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, бұдан бөлек құжатта депутаттардың іссапар шығындарын өтеу шығындары да қарастырылған. 

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Заң жобасына сәйкес, Президенттің шешімімен мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істеген депутаттарға жаңа жұмысқа орналасқанға дейін немесе зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ай сайын жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері орташа айлық жалақы деңгейінде белгіленеді.

Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді талап етті

Бұл төлемдер депутат өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап ең көп дегенде 3 ай мерзімге беріледі. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мәслихат регламентіне сәйкес реттеледі. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар