• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Обаманы Франция президенттігі үшін сайлауға түсуге шақырды

150 рет
көрсетілді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы Францияда құрметтейтіндер оны ел президенттігіне үміткер болуға көндірмек, - деп хабарлайды tengrinews.kz ABC News ресурсына сілтеме жасап. Белсенділер Париж көшелеріне Барак Обаманың "Obama17" деп жазылған суретін іліп, осы сайтқа кіргуге шақырды. Сайтта Обаманы презиент сайлауына қатысуға шақыратын петицияға қол қоюға болады. Белсенділердің мақсаты - миллион адамның қолын жинау. "Франция халқының көпшілігі әсіреоңшыл кандидат үшін дауыс бергелі жатқанда, біз шетелдікті президент сайлап, жаһанға демократияның жарқын үлгісін көрсете аламыз", - деп жазылған сайтта. Белсенділердің бірі бұл ой Барак Обама орнынан кетерден екі ай бұрын келгенін айтады. "Бұл мүмкін бе, жоқ па, ол француз ба, жоқ па? Ештеңеге қарамастан, адамдарға үміт сыйлауымыз керек деп шештік", - деп түсіндірді белсенді.