Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тау-кен-металлургия саласының ірі жүйе құраушы кәсіпорындарының басшыларымен кеңес өткізді, деп жазады pm.kz.
Кеңес барысында Қазақстанда Мемлекет басшысының базалық салаларды 2025 жылға дейін технологиялық қайта жарақтандыру бойынша тапсырмалары аясында Индустрия 4.0 элементтерін енгізу мәселелері талқыланды.