Облысқа белгілі, жоғары санатты психиатр дәрігер, облыстық психикалық-неврологиялық аурухананы көп жыл басқарған Рәшида Сандыбаеваның мәйіті кеше түске жақын өзінің пәтерінде қан-жоса болып жатқан жерінен табылған. Қылмыскер дәрігердің денесіне 30 жерден пышақ ұрған.
Рашида Қожахметқызының еңбек кітапшасында Қостанай облыстық психиатриялық ауруханаға жұмысқа қабылданғаны туралы бір-ақ сөйлем жазылған екен. Ол облыстағы психиатриялық қызметке 36 жылын арнады. 2005 жылдан бастап аурухананы басқарды, ұзақ уақыт облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатр дәрігері болды.
Бір-екі жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан соң, дәрігер сот-психиатриялық сараптау орталығында істеді. Оның трагедиялық өлімі кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Қазір сотқа дейінгі іздестіру, тергеу амалдары басталды.
Нәзира Жәрімбетова
«Егемен Қазақстан»