• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 78

484 рет
көрсетілді

2011 жылғы 4 ақпан                          Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің са­нат­тарын мемлекеттік қолдау шараларын айқын­дау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қау­лы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтағы «мемлекеттік мұқтаждар үшін» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: «белгіленген тәртіппен» деген сөздерден кейін «қалыптастыру және жүргізу тәртібін ин­дустрия­лық саясатты реттеу саласындагы уәкілетті орган бекітетін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бөліктермен толықты­рылсын: «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру­шы­лар номенклатурада қамтылған тауарларды (жұ­мыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізіліміне енгізілген тауарларға (жұмыстарга, қызм­ет­терге) сәйкес келетін талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сипаттау және нұсқау жүргізеді. Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімін «Қа­зақ­стандық қамту» интернет-порталында индус­трия­лық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.»; көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасында: тақырыбындағы «мемлекеттік мұқтаждар үшін» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: 38) тармақшадағы «кресло-арбалар.» деген сөздер «кресло-арбалар;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын: «39) өрт сөндіру машиналары; 40) жылу сорғы қондырғылары». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.