Мемлекет меншігіндегі «Атырау» футбол клубы ресми түрде саудаға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағалаушы мамандар клубтың нарықтық құнын 250,8 млн теңгеге, ал активтерінің баланстық құнын 153,6 млн теңгеге бағалағанымен, лоттың бастапқы бағасы 175,6 млн теңге болып белгіленді.
2026 жылдың 10 наурызына жоспарланған бұл сауда-саттыққа қазірдің өзінде өтінімдер қабылдау ашық, тіпті ережеге сәйкес клубты жалғыз қатысушының сатып алуына да рұқсат етілген.
Алайда «Атырау» клубының жаңа қожайынына қаржы шығыны ғана емес, сонымен бірге тарихи клубтың болашағына қатысты қатаң міндеттемелер жүктеледі.
«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке сатылды
Бұған дейін бірнеше футбол клубы жекеге өткен. 2025 жылдың қарашасында қарағандылық «Шахтер» клубын бизнесмен Тимур Турлов 55,3 млн теңгеге иеленсе, биылғы қаңтарда «Ақтөбе» клубын кәсіпкер Нұрлан Артықбаев 364 млн теңгеге сатып алған болатын.
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті