• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

0 рет
көрсетілді

2025 жылы Қазақстандағы ауылдық елді мекендер саны 83-ке қысқарып, 6,1 мың бірлікті құрады, деп жазады Egemen.kz. 

DataHub телеграм арнасының мәліметінше, ауыл санының азаю үрдісі кемінде 25 жылдан бері жалғасып келеді. Соңғы үш жылда теріс динамика айтарлықтай үдей түскен. Егер 2020-2022 жылдары 46 елді мекен қысқарса, 2023-2025 жылдары бұл көрсеткіш 199-ға жеткен. Жалпы, бақылау жүргізілген кезең ішінде ауылдар саны 1,8 мыңға азайған.

2025 жылғы қысқаруға негізінен бір-бірімен шектесетін үш солтүстік өңір – Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары әсер етті. Олар жалпы төмендеудің 80%-ын қамтамасыз еткен.

adilet.zan.kz сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес, аталған өңірлерде есепті кезеңде 68 ауыл таратылып, бір жаңа ауыл – Нұрлы (Ақмола облысы Целиноград ауданы, Астанамен шектеседі) пайда болды. Бұл көрсеткіштер ресми статистиканың егжей-тегжейлі деректерімен сәйкес келеді.

2021 жылғы халық санағы таратылған 68 ауылда барлығы 1,5 мың адам тұрғанын көрсеткен. Бұл 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 4,4 есе аз. Ең көп тұрғыны бар ауыл – Ақмола облысындағы Красносельское ауылы (74 адам). 68 ауылдың 62-сінде халық саны 50 адамнан аспаған. Павлодар облысындағы Малая Парамоновка ауылында тұрғындар мүлде тіркелмеген. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы Мирное және Калиновка ауылдарында тиісінше бір және екі адам ғана тұрған.

Ауылдардың таратылуына негізгі себеп – халық санының аздығы. Заңға сәйкес, үш жыл бойы халқы 50 адамға жетпеген елді мекендер таратылуға жатады. Тарату дегеніміз – елді мекенді есептік деректерден шығарып, оны жақын маңдағы ірі елді мекеннің құрамына қосу. Соңғы шешімді жергілікті билік тұрғындардың ашық жиналыста білдірген пікірін ескере отырып қабылдауы тиіс.

Осылайша, ондаған ауылдың таратылуы елде заң талаптарына сәйкес жабылуға жататын, тұрғындары іс жүзінде қалмаған елді мекендердің әлі де аз еместігін көрсетеді.

Жалпы ауыл халқы санының қысқаруы – негізінен көші-қон әсерінен – тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарына ғана емес, елдің көпшілік өңірлеріне тән үрдіс.

Елдегі алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығына қандай пайда әкеледі?

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының өсімі тек Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Шаруашылық іріленбей, ауыл көркеймейді  
Соңғы жаңалықтар