• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 02:45

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

10 рет
көрсетілді

25 ақпан түні Астана халықаралық әуежайында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаны жанкүйерлері зор ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мәнерлеп сырғанаушыларды жанкүйерлерінен басқа, Туризм және спорт министрі мен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин күтіп алды.

Спортшылар 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түнде Астанаға келді. Олар елге оралған сәтте мерекелік көңіл-күй сыйлаған барша қолдаушыларына алғыс білдірді.

«Олимпиадада туымыз биікте желбірегенде көкейімді мақтаныш сезімі кернеді. Қолдау көрсеткен баршыңызға үлкен алғыс. Бұл маған елімді әрі қарай да мақтан етуге үлкен жігер береді», деді Михаил Шайдоров.

Елге оралған бойда спортшыларға спонсорлар тарапынан пәтер кілттері табысталды. Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілсе, Софья Самоделкина мен жаттықтырушысына бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты

Бұл кездесу елде спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып, жас спортшыларға шабыт беретін маңызды сәт болды.

 Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Соңғы жаңалықтар