• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 204

486 рет
көрсетілді

2011 жылғы 1 наурыз          № 204          Астана, Үкімет Үйі Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 204 қаулысына қосымша Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері Атауы жылдар бойынша     2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл Биоотын, млн. литр 2870 3080 1078 3150