• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

«Ньюкасл» ойыншысы ерекше гол соқты (видео)

254 рет
көрсетілді

«Ньюкасл» футбол клубының жартылай қорғаушысы Мұхаммед Диаме ерекше гол соқты. Бұл сәт ағылшын Чемпионшипінің (Англияның екінші дивизионы) 28-турында «Брайтон» командасына қарсы матчта болды. Бұрыштама добынан кейін Кристиан Дитсу қақпаға дұрыс соққы жасай алмаған, алайда, доп әріптесінің аяғына тиіп, артынша қақпаның торынан бір-ақ шықты. «Сәттілік деп осыны айт. Бұл тарихи сәт!» – деп жазды Eurosport UK. Айта кетейік, Мұхаммед Диаменің голы командасының жеңіске жетуіне септігін тигізді. 80-минутқа дейін Рафаэль Бенитес шәкірттері 0:1 болып ұтылып жатқан, соңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.