«Даму» қоры мен Еуразиялық Технологиялық Университет Алматыда алғашқы Start up академиясын ашады, деп жазады қордың баспасөз қызметі.
Академияның ашылу салтанаты 3 наурыз күні сағат таңғы 09:00-де өтеді. шараға "Даму" қоры басқарма төрағасы Абай Сарқұлов, ЕТУ ректоры Нұржамал Дүйсенғұлова, Алматы әкімдігі, Азия Даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік даму банкі, Алматы қаласын дамыту орталығы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысады.
Қатысушылар жас кәсіпкерлермен және олардың стартаптарымен таныспақ.