• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Мұнай мен теңге құлдырап бара жатыр

129 рет
көрсетілді

KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 2 наурыздағы АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны 315,35 болды. Осылайша, таңғы сессиядан бері ұлттық валюта 1,06 пункт төмендеді. Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 16,19-да Брент маркалы мұнайдың баррелі 0,90 пайыз арзандап, 55,85 долларға бағаланды. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта 56,20-57,07 дәлізінде сақталған шикізат құны осы апта күрт төмендеп жатыр. Оған себеп Трамптың сөзінен кейін доллардың өзіндік құнының көбейіп кетуі болуы мүмкін.