• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Қазақстан жан-жақты дамып келеді

286 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған конституция­лық реформалар менің таңданы­сымды тудырды. Билік тармақ­тары арасында басқару өкілеттік­терін қайта бөлу, президенттік бір­қатар өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру сынды өзгеріс­тер Қазақстанның саяси жүйесін демо­кратияландыруға зор ықпалын тигізетіні анық. Нұрсұлтан Назарбаев – бүгінгі Қазақстанның архитекторы. Пре­зиденттің халыққа арнаған Жол­дауын Қазақстанды жарқын болашаққа бас­тасам деген ізгі ниетінің көрінісі деп білемін. Білім беру саласына ерекше көңіл бөлген Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон конвенциясына бірінші болып қосылып, Еуропа білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесіне айналды. Бұл ұлт­тық бағдарламаларды еуро­палық стандарттарға толықтай сәйкестендіруге, білік­тілік пен ғылыми дәрежелер­дің халық­аралық деңгейде мойында­луын қамтамасыз етуге, Еуропаның белді білім ордаларымен білім беру бағдарламаларын алмасуды жолға қоюға, қазақстандық студенттерді танымал университеттерде оқытуға мүмкіндік туғызды. Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстан бала­малы энергетикаға инвестиция салудың арқасында энергетика­лық ресурстарды әртараптандыруға мүдделі екендігін айқын танытты. Осылайша, Қазақстанның 2050 жылға қарай жаңғырмалы қуат көздерінен алынатын энергияның үлесін аса жоғары көрсеткішке жеткізуге деген құлшынысын қуана құптаған жөн. Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы да әлемдік деңгейде өзекті екенін атап өту керек. 25 жыл ішінде Қазақстан Тәуел­сіз мемлекет ретінде жан-жақты да­мыды, экономикалық өсім­нің жоға­ры көрсеткішіне қол жеткізді. Та­биғи ресурстардан түскен табыс­тың бір бөлігін халықтың әл-ауқатын, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, тағы бір бөлігін өнеркәсіптің өңдеуші секторына, энергетика, көлік, инфра­құры­лым, ауыл шаруашылығы салаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласын жетілдіруге жұмсады. Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізілген табиғи ресурстардан түскен табысты Ұлттық қорға шоғырландыру жөніндегі стратегия болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді инвестиция және тұрақты дамуға кепілдік беретін болады. Джек ДИЛЛОН, Делфт технологиялық университетінің құрметті профессоры (Нидерланд)