• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Өнімділікті арттыруда елеулі өзгеріс бар

259 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Бірінші, еңбек өнім­­ділігін айтарлықтай арт­ты­ру керек» деп атап көрсетіп, «Бұл жердегі негізгі фактор Төр­тін­ші өнеркәсіптік револю­ция эле­мент­т­ерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автомат­тан­дыру, ро­бот­тандыру, жасан­ды ин­­тел­лект, «ауқымды мәлі­мет­­тер» алмасу, тағы басқа мін­­­­дет­тер. Үкіметке бизнес өкіл­­дері­­мен бірге 2025 жылға дейін ба­залық салаларды тех­но­­ло­­гия­лық тұрғыдан қай­та жарақ­­тан­­дырудың кеше­нді шара­­­ларын әзірлеуді тапсы­рамын», деген болатын. Жол­дау жүк­­те­ген міндетке сай мем­лекет тара­пынан өнімділікті арт­­­тыру­­ды ынталандыру бағы­­тын­да белсенді жұмыс бастал­ды. Қазіргі күні инновация­лық өң­­деуді, заманауи басқару­шы­­­лық технологияларды ен­гізу және негізгі кәсіпорын қор­­ларын жаңғырту бойынша ілгерілеу бар. Мысалға, Инвестициялар және даму министрлігі мен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бірле­сіп, өндірушілерді ын­та­лан­дыру бойынша жаңа сапа­лы стан­дартқа көшу, еңбек өнім­ділігі мен өндірістің тиім­ділігін арттыру жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта бірнеше жыл бұрын «Өнімділік-2020» бағ­дар­ламасы іске қосылған бола­тын. Бұл шараның арқа­сын­да өндірісті жаңғырту есе­бі­­нен «Мұнаймаш» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Кентау тран­сфор­­матор зауыты» АҚ, «Сары­арқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС, «Стальцинк» ЖШС, «Оң­түс­тік Құрылыс Сервис» ЖШС заманауи жоғары техно­ло­­гиялық станоктар сатып ал­ды. Нәти­жесінде, аталған кәсі­п­орын­­дарда еңбек өнімділігі 1,2-ден 2,8 есеге дейін артты. «КазСтройСтекло» АҚ, «АВЗ» ЖШС, «ЦинКаз» ЖШС, «Милх» ЖШС сияқты кәсі­порын­­дар басқарушы және өн­ді­ріс­­тік технологияларды ен­гізу есебінен орташа еңбек өнім­ді­лігін 1,6 есеге дейін жеткізді. Өткен жылы Қазақстандық ин­дустрияны дамыту инс­ти­­туты­на «Өнімділік-2020» бағы­ты бойын­ша шығынды қай­­тару тәсілі ар­қылы 66 ин­дус­­т­рия­­лық-иннова­ция­­лық қыз­­мет субъек­тілерінен 88 өті­нім түс­кен. Институт­тың қол­дау құра­лы орталығы дирек­торы­ның орынбасары Диас Серіковтің айтуынша, әзірге 47 субъектінің 60 өтінімі мақұлдан­ды, оның ішінде 58 өтінім бойын­ша шығын­дар қайтарылды. Был­тыр­ға бөлінген бюджет қара­­­жа­­тын түгел игергендіктен, 2 өті­нім­­­ді қанағаттандыру ағым­дағы жылы жүзеге асырылады. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»