• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Халық мүддесімен үндеседі

217 рет
көрсетілді

Елбасының мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіндегі Қазақ­стан Республикасы Конс­ти­туция­сы мен заңдарына өз­геріс­тер енгізу туралы ұсы­ныстар жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, саяси маңызы зор талқылауға рес­публика тұрғындары белсене атсалысты. Ата Заңымыздың 23 бабына өзгерістер енгізілетін болды. Бұл туралы Билік тармақ­тары арасындағы мемлекет­тік өкі­лет­тіктерді қайта бөлу жөнін­дегі жұмыс тобының кезек­ті отырысында Мем­лекет басшы­сы атап көрсетті. Ең басты­сы, Қазақ­станның негізгі саяси моделі сақталып, президент­тік рес­публика болып қала береді. Еліміздің әлемнің өркениет­ті отыз елінің қатарына кіру бағы­тындағы демократиялық қадамдары, зор экономикалық әлеуеті күшті президенттік билік арқылы қалыптасқаны талассыз шындық. Өйткені, егемендік­тің елең-алаң шағындағы ауыр кезеңдерден мүдіріссіз өту үшін жұртшылықты жұдырық­тай жұмылдырып, ортақ арнаға тығыз топтастыра алатын билік күші қажет еді. Осы орайда, Қазақстанда кәсіби Үкіметтің, қуатты Парламенттің, тәуелсіз соттың құрылуына, жас мемле­кеттің еңсесін тіктеп, бейбіт­шілік­тің, тұрақтылықтың, бір­лік­тің қамтамасыз етілуіне пре­зи­денттік билік өлшеусіз әсер ет­кенін айта кеткен жөн. Қазір уақыт мүлдем басқа. Қазақстан өз даму жолын анық­тап, халықаралық аренада бедел­ді мемлекетке айналды. Зор саяси, әлеуметтік өзгерістер­ге қол жеткіздік. Енді, міне, Елбасы қазақстандықтардың наза­ры­на еліміз үшін аса тағ­дырлы, маңызды мәселені ұсынып, бүкілхалықтық қол­дауға ие болды. Мемлекет­тің басқару жүйесін жаңғырту­дың өзектілігін алға тарта оты­рып, Президент­тің әлеумет­тік-экономикалық үдерістер­ді реттеудегі біршама өкілеттік­тер­ді Үкіметке, басқа да орган­дарға беру, сонымен қатар, Пар­ламент рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар жасағанын білеміз. Екі бағытта жүргізі­летін рефор­малар мемлекеттің кәсібилігін арт­тырумен қатар, әр биліктің жауапкершілігін де күшейтері сөзсіз. Мемлекеттік басқару жү­йесі заман талабына сәйкес болса, өкілеттік те нығая түсері күмәнсіз. Меніңше, Конституция­ға өзгерістердің енгізілуі бүгінгі күннің талабымен толық үн­де­­седі. Ел басқарудың пре­зи­­дент­тік жүйесі алға қой­ған міндет­тер­дің абырой­мен орындалуын толық қам­тамасыз еткені қазақ­стан­дық тәжірибеден бел­гілі. Конс­титуциялық реформа­ға бай­ланысты 6 мыңға жуық ұсы­­ныс­ түсіп, депутаттық кор­пус­тың талаптарын күшейту, Үкімет­тің міндеттілігін арт­тыру жөніндегі ой-пікірлер жұрт­шы­лықтың белсенді саяси іс-әрекетін көрсетсе керек. Бір сөзбен айтқанда, конс­титуциялық реформа қоғам тарапынан зор қызығушылық танытып, демократиялық үрдіс­терге кең жол ашатынын анық аңғартты. Арай ӘЛІМОВ, облыс прокурорының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы