• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Обама саясатқа қайта оралуды жоспарлауда

196 рет
көрсетілді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама саясат сахнасына оралуға дайын. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры Эрик Холдер мәлімдеді, деп жазады Қазақпарат. «Ол (Обама) іске кірісуге дайын», - деді Холдер. Ол «біздің демократиямыз үшін шынайы шайқас» басталғанын атап өтті. Холдердің айтуынша, Демократиялық партия барлық күшін штаттық деңгейдегі заңнамалық жиналыстар сайлауларына жұмсамақ. Осылайша, партияның Конгрестегі ықпалын арттырып, Дональд Трамптың саясатына қарсы тұрмақ ниетте. Сондай-ақ, демократтар АҚШ-тағы сайлау округтеріндегі өзгерістерді баса назарда ұстауды жоспарлауда. Обама Ұлттық демократиялық комитетке арналған қаржыларды жинауға атсалысып, заңнамалық процесте кеңесші ретінде жұмыс жасауы мүмкін.