• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Жұмыссыздарға – тегін курс

335 рет
көрсетілді

Елбасының халыққа Жолдауында айтылған баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі бойынша Атырау өңірінде нақты жұмыстар бастау алды. «APEC PetroTechnic» жоға­ры колледжінде «Consolidated Construction Company» компаниясы бағдарламасының біліктілікті арттыру курстары ашылды. Оқу орталы­ғын­да жастар заманға сай ха­лық­аралық дәрежедегі электр­­ маманы, дәнекерлеуші, құбыр мон­таж­даушы және ұста ма­ман­дықтарын тегін меңгереді. Бұл өз кезегінде мұнай-газ сала­сын­дағы жобаларда білікті отан­дық мамандар қатарын кө­бейтуге мүмкіндік береді. «ССС» компаниясының президенті Самер Хуридың айтуынша, оқыту барысында мамандар өндірістік қауіпсіздік бағытындағы халықаралық тәжірибелермен бөліседі. Ал үздік бітіріп шыққан жастар компанияның шет елдердегі ірі халықаралық құрылыс нысандарында сынақтан өтеді. Оқыту курстары төрт айға созылады. Жоба аясында жүзден астам азамат бес топта біліктіліктерін арттырып, халықаралық дәрежедегі сертификат иеленбек. – Биыл облыс бойынша мемлекет тарапынан 500 жұмыссыз кәсіптік-техникалық бағытта оқытылады, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масының басшысы Еркін Шпанов. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ