• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Димаш сегізінші кезеңде бесінші орын алды

195 рет
көрсетілді

Кеше Қытайдағы Хунан телеарнасы «I’m a Singer» ән байқауының сегізінші кезеңінің түсірілім жұмыстарын аяқтап, жобаға қатысушы әншілердің қандай орын алғандары белгілі болды. Димаш бұл кезеңде Аспанасты елінің танымал әншісі Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Sina weibo парақшадағы ақпараттар бойынша, отандасымыз бүгінгі сында өнер көрсеткенде тамағы ауырған әрі шаршаған. Айта кетейік, Димаш байқаудың жетінші кезеңінде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап үшінші орынға ие болған. Бұл кезең эфирде 4 наурыз күні көрсетілетін болады.