Ресейдің Нижегород қаласындағы "Самотлор-НН" кәсіпорны Lada Largus көлігінен А санатты "жедел жәрдем қызметі" көлігін жасап шығарды.
Ол үшін көлікке айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Көліктің жаңа түрі бұрынғысынан 270 мм-ге ұзынырақ және биіктеу. Көліктің ішкі биіктігі 1,35 метр.
Аталған кәсіпорын қазір жаңа көлікті жаппай сатылымға шығара бастады. Көлік құны 4 млн 675 мың теңге айналасында.