Парламент палаталардың бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов өзі басқарып отырған ведомство өкілеттігінің азаю-азаймауы Парламент құзіретінде екенін айтты.
«Екі мәтінді салыстырсақ, бүгінгі редакция мен ұсынылып отырған жобаның арасында расында айырмашылықтар бар. Бірақ бір айта кететін жайт, негізгі біздің бағыттарымыз базалық жұмысымыздың негізгі мазмұнын жоғары қадағалау, заңдылықты қамтамасыз ету, соттардың мемлекеттің мүддесін білдіруі, қылмыстық қудалау, соның барлығы жаңа жобада сақталып тұр. Жалпы бүгінгі мәтінде біздің көп функцияларымыз егжей-тегжейлі жазылған. Біз заман талабына сай көп өзгерістерді дер кезінде жасай алмай отырмыз. Сондықтан, біздің ойымызша, бұл редакция өте дұрыс. Біздің жалпы өкілеттігіміз азая ма, азаймай ма, қысқара ма қысқармай ма ол әрине Парламент билігінде. Осы сұрақпен біз сіздердің алдарыңызға әлі талай келеміз. Көп мәселелер заң деңгейінде шешілетін болады», деді Жақып Асанов Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның сауалына жауап бере отырып.