• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Астана кәсіпкерлері үшін "Дамудың" жаңа бағдарламасы ашылды

146 рет
көрсетілді

«Даму» Қорының аймақтық филиалы Астана қаласының Әкімшілігімен бірлесе отырып, елорда кәсіпкерлеріне «Астана Service» шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасын ұсынып отыр. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі -8,5%. Несиенің соммасы 150 млн. теңгеге дейін. Несиенің мерзімі: айналым құралдарына 3 жылға дейін; инвестициялық мақсатқа 7 жылға дейін. Бағдарлама бойынша басымдық танытатын салалар: 49.32 Такси қызметі ; 55. Тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер; 79. Туристік операторлардың, туристік агенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі; 93. Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет; 47. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда; 56. Тамақ өнімдері мен сусындар ұсыну бойынша қызметтер. Қазіргі таңда, бағдарлама бойынша несиемен қамтамасыз ететін серіктес Банкті анықтау жұмысы жүргізілуде. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Қажымұқан көш 8а орналасқан КҚКО –на хабарласыңыз. Тел: 559 199