• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

332 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Б.Саудабаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 12-сі.    №28 __________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Б.С.Камалиевті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы Берік Сайлауұлы Камалиев Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 12-сі.    №14 __________________________ Берік Сайлауұлы КАМАЛИЕВ 1960 жылы туған. Қарағанды политехни­калық институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Прези­дентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қыз­мет академиясын бітірген, мамандығы бой­ынша – құрылысшы инженер, экономист, мемлекеттік және муниципалды басқару менеджері, экономика ғылымдарының кан­дидаты. Еңбек жолын әскери бөлімшенің құры­лыс-құрастыру учаскесінің прорабы болып бастады. Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. «Самал» сауда орталығы» ТОО бас директоры, директорлар кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып жұ­мыс істеді. Республика Премьер-Министрінің кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын да­мыту комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, кейіннен әкімнің бірінші орынбасары қызметтеріне тағайындалды. «Са­рыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компа­ния­сы­ның басқарма төрағасы болды. 2010 жылғы наурыздан – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. __________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Н.Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 12-сі.     №26 _____________________________________ Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВ 1957 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша – заңгер. Полиция генерал-майоры атағы бар. Университетті бітіргеннен кейін Алматы облысының ішкі істер органдарында жұмыс істеп, тергеушіден облыстық ішкі істер бас­қармасы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Республика ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция де­пар­таментінің бастығы, Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының бастығы және Алматы облысы ішкі істер департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі қызметтеріне тағайындалды. 2009 жылғы қыркүйектен – Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы.   ТАҒАЙЫНДАУЛАР Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне; Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі қызметіне; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне; Салидат Зекенқызы Қайырбекова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне; Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне; Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім Қазақстан Республикасының Қорша­ған ортаны қорғау министрі қызметіне; Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметіне; Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне; Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. *  *  * Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі қызметіне; Сергей Александрович Дьяченко Ақмола облысының әкімі қызметіне; Серік Нығметұлы Ахметов Қарағанды облысының әкімі қызметіне; Сергей Витальевич Кулагин Қостанай облысының әкімі қызметіне; Болатбек Баянұлы Қуандықов Қызылорда облысының әкімі қызметіне; Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне; Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. __________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Алматы қа­ла­сын­дағы өңірлік қаржы орталығының қыз­метін реттеу агенттігі мен Қазақстан Респуб­ли­касының Қаржы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мен қа­да­ғалау агенттігі (бұдан әрі – агенттіктер) олардың функ­ция­лары мен өкілеттіктерінің Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық Банкіне берілуімен таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі таратылатын агенттіктердің міндеттемелері бойынша құқықты иеленуші болып анықталсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жар­лықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қа­зақстан Республикасы Президентінің Әкімшілі­гіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 12-і.     № 25