• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Ел тарихындағы ерекше оқиға

393 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық реформаны қолдау бойынша республикалық бірыңғай күні аясында Тараз қаласындағы Достық үйінде «Азамат­тық қоғам инс­титуттары отырысы» тақырыбында конференция өтті. Оған облыстық ҚХА құрылым­дарының төрағалары мен мүшелері, облыстық ардагерлер және қоғамдық кеңестердің, ақпараттық топтардың мүшелері, сондай-ақ жер­гілікті мәслихат депутаттары, саяси пар­тиялар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төраға­сы­ның орынбасары – хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева Елбасы Үндеуіндегі конс­титуциялық реформаны талқылау қоры­тындыларын шығаруға арналған жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде хатшылық меңгерушісі Үндеу аясында мүмкіндіктердің де кеңейгенін атап өтті. Сонымен қатар, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қоз­ғалысы» РҚБ облыстық филиалының төра­ғасы Қасымхан Төлендиев, облыс­тық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанын­дағы Ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мемлекеттік уни­вер­ситеті Халық­аралық және конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов, облыстық ардагер­лер кеңесінің хатшысы Жаңабай Мил­лионов және облыстық мәслихат депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Абай Нұржанов сөз алып, конституциялық реформа мемлекетті ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтынын, сондай-ақ заман талабына берілген лайықты жауап екенін айтты. Жыл басында жарияланған Ел­басының Үндеуі мен Жолдауы – бірін-бірі күшейтіп, толықтырып тұрған маңыз­ды құжаттар. Конференция жұмы­сына қатысушыларға саяси және технологиялық жаңғырудың мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту мемлекеттің Үшінші жаңғыруында атап көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге кедергісіз қол жеткізуге болатыны айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуыр­да өткен Парламент палаталары­ның бірлескен отырысында: «Менің Жар­лығыммен әзірленген конституциялық реформа жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық», деген болатын. Расында да, халықтың қызу қолдауына ие болған бұл маңызды құжат ел тарихында алтын әріппен жазылатын айтулы оқиға ретінде қалыптасты. Конференция жұмысын қоры­тын­дылаған Маржан Төреғұлқызы ел тари­хындағы елеулі оқиғаға үн қосқан жам­былдық азаматтық қоғам институттарына алғыс білдірді. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы