Тізімде бірінші орынды WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алып тұр. Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген.
ESPN рейтингі:
1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО).
2. Андре Уорд (31-0, 15 КО).
3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО).
4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО).
5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО).
6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО).
7. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО).
8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО).
9. Кит Турман (28-0, 22 КО).
10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).
Естеріңізге сала кетсек, Головкин 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста тұңғыш рет 12 раундқа созылған жекпе-жек өткізді.